|
|
|
Осы редакция 2008 жылғы 19 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекiтілген
Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен
Осы Ереже "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және мүгедектердi тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiтетін арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудiң тәртібін белгiлейдi. 1. Арнаулы жүріп-тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп-тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi ұғынылады. 2. Техникалық көмек мүгедектердi кресло-арбалармен қамтамасыз етуден тұрады. 3. Мүгедектердi кресло-арбалармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебiнен, өтінiштердiң, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi (бұдан әрi - аумақтық орган) әзiрлеген мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының негiзiнде жүзеге асырылады. 4. Жұмыс берушінің кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер кресло-арбалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебiнен мүгедекте оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қамтамасыз етіледi. 5. Жұмыс берушінiң - жеке кәсіпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушінiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге кресло-арбалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс есебiнен беріледi.
2. Кресло-арбаларға қажеттiлiктi қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүргізу
6. Кресло-арбаларды қажет ететiн мүгедектер тұрғылықты тұратын жерi бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерiне өтiнiш бередi. 7. Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттерi (басқармалары), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттерi (басқармалары) (бұдан әрi - уәкілеттi орган) өтiнiштердiң, аумақтық орган әзiрлеген мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының негiзiнде кресло-арбаларға қажеттілiкті, олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып айқындайды. 8. Уәкілеттi орган комиссияны құрады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес кресло-арбаларды сатып алуды жүргiзедi. 9. Тапсырысшы мен кресло-арбаларды жеткiзушiнiң арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес жеткiзушiлер кресло-арбаларды уәкілеттi органға жеткiзудi жүзеге асырады. 10. Кресло-арбаларды жеткiзушіден қабылдап алуды уәкілетті орган жүзеге асырады. Жеткiзушіден кресло-арбаларды қабылдап алу актісі екі данада жасалады: 1) бiрiншi данасы уәкілеттi органда қалады; 2) екіншi данасы жеткiзушiге беріледi. Актілердiң барлық даналарына уәкілетті орган мен жеткiзушінің өкiлдерi қол қояды. 11. Қабылдап алу процесінде анықталған пайдалануға (қолдануға) жарамсыз кресло-арбалар жеткiзушілерден қабылданбайды және олар мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес ауыстырылуға тиiс. 3. Кресло-арбаларды беру және есептiлiк
12. Жеткізушiден уәкілеттi орган алған кресло-арбалар алынған кресло-арбалардың атауы мен олардың саны көрсетіле отырып, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерiне актi бойынша беріледi. 13. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерi кресло-арбаларды берудi мүгедектiң тегін, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлігінің нөмiрiн, туған күнін, тұратын жерiн, алған кресло-арбаның атауын, алған күнін, алғаны туралы белгiсiн көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi. 14. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен еңбек жарақатына ұшыраған немесе кәсiптік ауруға шалдыққан мүгедектер кресло-арбалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сай жұмыс беруші қаражатының есебiнен қамтамасыз етiледi. 15. Жұмыс берушінің - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнің кiнәсінен еңбек жарақатына ұшыраған немесе кәсіптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге кресло-арбалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебiнен берiледi. 16. Бөлмелiк кресло-арбалар мүгедектерге жетi жыл, серуендiк кресло-арбалар - төрт жыл пайдалану мерзiмiне берiледi. 17. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерi кресло-арбалар берiлгеннен кейiн бiр ай ішінде уәкiлеттi органға мүгедектiң тегiн, атын, әкесінің атын, зейнеткерлік куәлігінің нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн, алған кресло-арбаның атауын, берiлген күнiн, алғаны туралы тұлғаның қойған қолын көрсете отырып, кресло-арбаларды алған мүгедектердiң тiзiмiн бередi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |