Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (педиатриялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Балалар гидроцефалиясы
1. Балалар гидроцефалиясы 2. Хаттама коды: H-P-004 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): G91.0 Хабарланатын гидроцефалия Q 0.03 Туа біткен, жүре пайда болған P 37.1 Туа біткен токсаплазмоздан пайда болған G91.1 Обструктивтік гидроцефалия G91.2 Қалыпты қысымды гидроцефалия G91.3 Жарақаттан кейінгі гидроцефалия айқындалмаған G 91.8 Гидроцефалияның басқа түрлері G 91.9 Анықталмаған гидроцефалия 4. Анықтамасы: Гидроцефалия (ми шемені) - ми сұйықтығының ми қарыншаларына, ми қабығының астына көп жиналуы, ликвордың циркуляциясы мен абсорциясының бұзылу себебінен олардың кеңеюімен сипатталатын ауру. Гидроцефалия екіншілік ауру болып табылады және патологиялық процесс көрінісінде дамиды немесе олардың қалдықты құбылыстарын білдіреді. 5. Жіктемесі: Пайда болуы бойынша: 1. туа біткен; 2. жүре пайда болған. Клиникалық ағымы бойынша: 1. үдемелі; 2. компенсацияланған. Окклюзиалық (жабық) : 1. Монро саңылауы алдындағы окклюзия; 2. сильвиев су құбыры алдындада; 3. Мажанди және Люшка саңылауы алдында. Өзара хабарласатын (ашық): 1. арезорбтивтік; 2. гиперсекреторлық. Субарахноидалдық кеңістіктердің қарыншалық жүйесінің кеңеюі кезінде: 1. ішкі; 2. сыртқы. 6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: 1. гидроцефалия себебі мен типін анықтау 2. амбулаторлық емнен тиімділік болмау (декомпенсация) 3. бас көлемнің үдемелі ұлғаюы 4. неврологиялық симптоматиканың болуы 5. гидроцефалияның этиологиясы мен типін анықтау 6. терапия типін анықтау (консервативті, хирургиялық) 7. Диагностика критерилері: 7.1 шағымдар мен анамнез: ұстаматәрізді бас ауыру, бас ауыру кезіндегі құсу Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|