Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (педиатриялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Шарана мен жаңа туылған нәрестенің гемолиздік ауруы
1. Шарана мен жаңа туылған нәрестенің гемолиздік ауруы 2. Хаттама коды: H-P-028 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): Р55 Ұрық және жаңа туылған нәрестенің гемолиздік ауруы Р55.0 Ұрық және жаңа туылған нәрестенің резус-изоиммунизациясы Р55.8 Ұрық және жаңа туылған нәрестенің гемолиздік ауруларының басқа формалары Р55.9 Ұрық және жаңа туылған нәрестенің анықталмаған гемолиздік аурулары. 4. Анықтамасы: Ұрық (ҰГА) және жаңа туылған нәрестенің гемолиздік (НГА) ауруы, эритроцитарлы антиген бойынша ана және ұрық/нәресте қанының үйлесімсіздігі кезінде дамиды. Ауру жиі жағдайда резус-теріс жүкті әйелдің резус-оң ұрықпен сенсибилизациясы немесе бірінші немесе үшінші қан тобымен әйелдер екінші қан тобы ұрығымен сенсибилизациялану кезінде дамиды. Айта кетер жәйт, олардың сенсибилизациясы жүктілікке дейін жиі және гемотрансфузиямен байланыссыз дамиды. Ол әйелдерді егумен байланысты болуы мүмкін. Резус-антигенге сенсибилизация үйлесімсіз қан құю процессі кезінде оған резус теріс адамның қаннын енгізу барысында немесе резус оң ұрықпен босанудан соң дамиды, ол спецификалық антирезус-антидене пайда болуын туындатады. Топтық антигендерге сенсибилизация егу, вакцинациялау (әсіресе жүктіліктің алдында немесе жүктілік кезінде), кейбір инфекциялар кезіндегі үйлесімсіз қан трансфузиясы процессінде дамиды. Біріншілік жүктілік кезінде иммунизация процессі енді ғана басталады. Келесі әрбір жүктілік сенсибилизация жағдайын күшейтеді, сөйтіп жүктілік кезінде спецификалық антидене титрінің қан сарысуында жоғарылауымен қатар жүреді және ұрық пен нәрестенің зақымдану қаупімен. Әйел бірінші жүктілігіне дейін резус фактор бойынша үйлесімсіз қанды немесе АПО бойынша вена ішілік немесе бұлшықетішілік енгізу кезінде иммунизиялануы мүмкін, немесе алдыңғы жүктілік түсік түсірумен немесе түсікпен аяқталса. Бұл жағдайларда ГБН бірінші босанудан кейін де болуы мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|