Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (терапия саласындағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Опиоидтарды қабылдау нәтижесінде дамыған психикалық және мінез-құлықтық ауытқулар. 1-кезең.
1. Опиоидтарды қабылдау нәтижесінде дамыған психикалық және мінез-құлықтық ауытқулар. 1-кезең 2. Хаттама коды: H-T-016 АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): F11.1 Опиоидтарды қабылдау нәтижесінде дамыған психикалық және мінез-құлықтық ауытқулар. Зардабы қалған түрі. F11.2 Опиоидтарды қабылдау нәтижесінде дамыған психикалық және мінез-құлықтық ауытқулар. Тәуелділік синдромы. F11.3 Опиоидтарды қабылдау нәтижесінде дамыған психикалық және мінез-құлықтық ауытқулар. Есірткі қабылдауды тоқтатқан жағдай. Анықтамасы. Есірткіқұмарлық (бәңшілік) деп есірткілік заттектерге психикалық және физикалық тәуелділік даму нәтижесінде оларды тұрақты түрде мөлшерін көбейте түсіп қабылдауға құмар ететін және қабылдауды тоқтатқан жағдайда абстиненция пайда болуымен әйгіленетін аурулар тобын атайды. Жіктемесі: АХЖ-10 бойынша. Госпитализациялау үшін қажет көрсетімдер. 1. Жіті уыттану, асқынбаған түрі. 2. Тәуелділік синдромы. 3. Есірткі қабылдауды тоқтатқан жағдай. Тәуелділік синдромы диагностикасының критерилері. 1. Есірткі қабылдауға шыдай алмастай құштарлану, немесе мезілегіш әуестік. 2. Есірткілік заттектерді қабылдамау үшін өзін-өзі тежеу қабілеті төмендеп кетуі. 3. Есірткі қабылдауды тоқтатқан жағдай. 4. Есірткілік заттектердің әсеріне толеранттылық жоғарылауы. 5.Зиянды зардабы айқын білінсе де есірткілік заттекті жалғастырып қабылдай беруі. 6. Опиоидтарды қабылдап жүргендігін зертханалық әдістермен дәлелдеу. Диагностикалық шаралар тізімі: Жоспарлы госпитализация алдында жасалуға тиісті тексерулер. 1. Нарколог дәрігердің консультациясы 2. АИТВ зерттеу 3. Қанның Вассерман реакциясын (RW) тексеру. 4. Гепатит В вирусын анықтау 5. Гепатит С вирусын анықтау 6. Гепатит В, С вирусы анықталған жағдайда инфекционист дәрігерге тексерту. 7. Көкірек ағзаларын флюорографиямен тексеру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|