Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (терапия саласындағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Этил спиртінің уытты әсері
1. Этил спиртінің уытты әсері 2. Хаттама коды: H-Т-025 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): T51.0 Этанолдың уытты әсері 4. Анықтамасы: Этанолдың потенциалды уытты дозасын бірнеше рет қабылдау немесе ұзақ уақыт бойы қабылдау нәтижесінде, этанолдың ағзаларға, жүйелер мен жалпы организмге уытты әсерімен шартталған патологиялық жағдай. 5. Жіктемесі: - жіті; - созылмалы. 6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: 1. Орташа және орташа ауырлық дәрежесіндегі уланулар; 2. Өмірге қатер тқндіретін асқынулардың болуы; 7. Диагностика критерилері: Этанол наркотиктік әсермен байланысты, орталық нерв жүйесінің тежеу процессін әлсіздендіріп, психотропты әсер көрсетеді. Уытты әсердегі маңызды рольді метаболиялық ацидоздың дамуы ойнайды, оның себебі болып биотрансформациясының ұышұылда өнімдер болып табылады (ацетальдегид, уксус қышқылы). 7.1 шағымдар мен анамнез: Этанолмен жіті улану диагнозы анамнездік деректер негізінде қойылады: көп мөлшерде алкоголь пайдаланудан кейінгі жағдайдың нашарлауы. 7.2 физикалық тексеру: Улану клиникасы: жүрек айну, құсу, бас ауыру, тахикардия, тынышсыздық, естің тежелуі, кома, тырысулар. Объективті тексеру деректері: ауыздан алкоголь иісінің шығуы, тері жабындыларының гиперемиясы, бүгу бұлшықеттерінің гипертонусы, гипертензия болу мүмкін, бауыр көлемінің ұлғаюы және басқа. 7.3 Лабораторлық зерттеулер: қанда және зәрде алкоголь деңгейін сандық анықтау, трансаминазаның жоғарылауы, зәрде ацетонның болуы, электролиттік бұзылыстар. Мүмкін болатын асқынулар орталық нерв жүйесінің, бауыр, жүрек, бүйректің, перифериялық нерв жүйесінің этанол уытты дозасымен, сонымен қатар оның метоболизм өнімдерімен уытты зақымдануымен шартталған. 8. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1 Қанда алкогольдің болуына тест; 2 Зәрде алкогольдің болуына тест (Карандаев бойынша); 3 Қанның жалпы анализі (6 параметр); 4 Зәрдің жалпы анализі; 5 Мочевинаны анықтау; 6 Креатининді анықтау; 7 Жалпы ақуызды анықтау; 8 АЛТ анықтау; 9 Билирубинді анықтау; 10 Микрореакция; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|