Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі (хирургиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж
Бассүйек пен бетсүйектің сынуы. Бетсүйек қаңқасының сынуы
1. Бассүйек пен бетсүйектің сынуы. Бетсүйек қаңқасының сынуы 2. Хаттама коды: H-S-024 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): S02 бассүйек пен бет сүйектерінің сынығы Мыналардан басқасы: көзұя: - жоғарғы қабырғасы (S02.1) - түбі (S02.3) 4. Анықтамасы: Жарақат әсерінен бет сүйектерінің тіндік бүтіндігінің бұзылуы. Қатарласқан жарақат - бір немесе бірнеше зақымдаушы фактордан екі не одан көп анатомиялық аймақтардың зақымдануы. 5. Жіктемесі: Бетсүйектің және жоғарғы жақсүйектің сынығы, тістің сынығы, төменгі жақсүйектің сынығы, бассүйек пен бет сүйектерінің көптеген сынықтары. Қауіп-қатерлі факторлар: шынықпағандық, байқамай оқыс қимылдау, кәрілік. 6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жедел 7. Диагностика критерилері: А) төменгі жақсүйектің сынықтары: 1. Статистикалық мәліметтер бойынша - көбінесе төменгі жақсүйектің бұрышы сынады (көбінесе сол жағы). 2. Тексеру - төменгі жақсүйекке пальпация жасау. Көп жағдайда сыну сызығын ісіну басталмас бұрын сипап анықтауға болады. Сонымен қатар ауыз қуысын да тексеру қажет. Ауыз қуысының түбінде гематома болуы әрқашан сынықтың белгісі болып табылады. Төменгі жақсүйекті жапқанда қызылиектен қан кетуіне көңіл аудару керек. Тістерді мұқият тексереді. Тістегі сызықтардың «Саты» түрінде болуы - сынықтың айқын белгісі. Тістемді бағалайды. Көбінесе науқас тістемінің өзгергенін өзі байқайды. Төменгі жақсүйек аймағындағы сезімталдық тексеріледі. Оның өзгеруі немесе жоғалуы жылжып кеткен сынықтың барлығын және операциялық емнің мүмкіндігін білдіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|