Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі (хирургиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж
Көз жарақаттары, бөгде затты алып тастау, балаларға эписклералық бітеме жасау
1. Көз жарақаттары, бөгде затты алып тастау, балаларға эписклералық бітеме жасау 2. Хаттама коды: H-S-027 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): S05.5 Бөгде денесі бар көз алмасының ішіне енген жарақаты T15 Көздің сыртқы бөлігіндегі бөгде дене T15.0 Мөлдір қабықтағы бөгде дене T15.1 Конъюнктива қапшығындағы бөгде дене T15.8 Көздің сыртқы бірнеше бөлігіндегі бөгде дене T15.9 Көздің сыртқы анықталмаған бөлігіндегі бөгде дене 4. Анықтамасы: Көз жарақаты - бөгде дене енуімен болатын көз алмасының ішіне енген жарақаты 5. Жіктемесі: 1. зақымдалу тереңдігі мен ауырлығы: ішіне енген, тесіп өткен, көздің бұзылуы; 2. жарақаттың орналасқан жеріне байланысты: мөлдір қабықта, мөлдір-ақ қабық аймағында, ақ қабықта. 3. көз алмасы ішіндегі құрылымдардың түсіп қалуы: түсіп қалмаған немесе соғылмаған, түсіп қалған немесе соғылған. 4. жарақаттық катаракта: жарақатсыз катаракта, жарақаттан болған катаракта. 5. көзді зақымдаған бөгде дене: магниттік, магниттік емес, бөгде дененің магниттілігі анықталмаған, бөгде дененің бар екендігі анықталмаған; орналасқан жері - көзде, көзұяда, мида, қосалқы қойнауларда. Диагностика критерилері: көздің ауыруы, көзде жарақаттың болуы, көру өткірлігінің төмендеуі, жарықтан қорқу, блефароспазм. 8. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. Арнайы лампа арқылы биомикроскопия 2. Офтальмоскопия 3. Көру өткірлігін бағалау 4. Көзді УДЗ 5. Көзұяның рентгенографиясы 6. ЭКГ 7. Баканализге жағынды алу 8. Жалпы қан анализі (6 параметрі) 9. Жалпы несеп анализі 10. Нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру 11. Глюкозаны анықтау 12. АЛТ анықтау 13. АСТ анықтау 14. Педиатрдің консультациясы Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: 1. Тонометрия 2. Ұшқындар бірігуінің критикалық жиілігін зерттеу 3. Электрофосфен 4. Электроретинография Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|