Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі (хирургиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж
Көз және көзұя жарақаттары. Көзалма және көзұя тіндерінің III-IV дәрежелі соғылуы
1. Көз және көзұя жарақаттары. Көзалма және көзұя тіндерінің III-IV дәрежелі соғылуы 2. Хаттама коды: H-S-028 3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): S05.1 Көз алмасының және көзұя тіндерінің соғылуы 4. Анықтамасы: көз алмасының және көзұяның доғал затпен жарақат алуы 5. Жіктемесі: ауырлық дәрежесі бойынша: 1 дәрежесі - жеңіл, 2 - орташа ауырлықта, 3 - ауыр, 4 - өте ауыр (ақ қабықтың жарылуымен). КІҚ жағдайы бойынша: нормотония - TN, гипертензия - Т+, гипотония - Т-. Екіншілік иммунжетіспеушілік типі бойынша: транзиторлық, супрессорлық, эффекторлық. Контузияның сипаты: 3-ей дәрежелі: терең, эрозия, ісіну, десцеметит, ақ қабық жарылулары, қан құйылу, гифемалар 3 мм-ден артық, ауқымды иридодиализдер, мидриаз, алдыңғы камера бұрышының рецессиясы, аниридия. Көзбұршақтың шала шығуы, орнынан таюы, көзбұршақ қапшығының жарылуы, оның бұлыңғырлануы, шынытәрізді дененің жарығы, жартылай немесе диффуздық гемофтальм. Көз түбінде: торлы қабықтың айқын ісінуі, хориоид пен тор қабықтың орталық жарылулары, тор қабықтың сылынып түсуі. Көру өткірлігі 0,1-ден жарықтың дұрыс проекциясында жарықты сезінуге дейін. КІҚ қалыпты, бірақ гипо- немесе гипертензия болуы мүмкін. 4-дәрежелі контузиялар: ақ қабықтың субконъюнктивалық жарылулары, тоталдық гемофтальм, мөлдір қабықтың жарақатқа түсіп қалуы, көзбұршақтың алдыңғы камераға, шынытәрізді денеге немесе конъюнктиваға шығып кетуі, көру нервінің жұлынуы. Көру өткірлігі дұрыс емес жарық проекциясында жарықты сезуден соқырлыққа дейін төмендеген. КІҚ - көбінесе гипотония, бірақ гипертензия болуы да мүмкін. Контузияның 3-4 дәрежелерінде екіншілік иммунжетіспеушілік дамиды. 6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жедел Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|