Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі (хирургиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж
Біржақты немесе анықталмаған түйнексіз және гангренасыз шап жарығы
1. Біржақты немесе анықталмаған түйнексіз және гангренасыз шап жарығы 2. Хаттама коды: H-S-034 3. АХЖ-10 бойынша коды: К 40 Шап жарығы 4. Анықтамасы: шаптық аймақта бұлшықет-апоневроздық қабырғадағы әлсіз жер арқылы ішкі ағзалар қабырғалық ішастармен іш қуысынан шығып тұруы 5. Жіктемесі Туа біткен және жүре пайда болған болып ажыратылады. Жүре пайда болған жарықтар қиғаш сыртқы шап жарығы және тура (ішкі) шап жарығы болып бөлінеді. 6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлық - шап жарығының болуы. 7. Диагностикалық критерийлер 7.1 шағымдар мен анамнез: физикалық еңбек кезінде жарықтың кенеттен пайда болуы немесе жарықтық томпаюдың біртіндеп дамуы, күшенгенде, вертикалдық жарықтық томпаюдың пайда болуы, ал науқас горизонталдық қалыпта болғанда томпаюдың жойылуы. Науқас ішінің шап аймағындағы ауырсынуға, жүргенде ыңғайсыздық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, алд несепқуықтың жылжымалы (скользящая) жарығы болғанда - дизуриялық бұзылыстарға шағымданады. 7.2 Физикалық зерттеу: диганостикалық негізгі критерий шаптық сыртқы өзекті саусақтық зерттеу. Қалыпты жағдайда ер адамдарда шаптық өзектің сыртқы тесігі саусақ ұшын өткізеді. Егер шаптық өзектің артқы қабырғасының әлсіздігі орын алатын болса, саусақтың ұшын қасаға сүйектің горизонталдық тармағының артына енгізуге болады. Дәрігер науқас жөтелгенде шаптық өзектегі саусағымен ішкі ағзалардың оны итергенен сезеді - жөтелулік итеру симптомы. Әйелдерде шаптық жарықты анықтау қарау мен пальпацияға сүйенеді, себебі саусақты шаптық өзектің сыртқы тесігіне саусақты енгізген мүмкін емес. Әйелдерде шап жарығының диагностикасы тексеру және пальпацияға негізделген. 7.3 лабораторлық зерттеу: 7.4 иснструменталдық зерттеулер: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|