Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі (хирургиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж
Паратонзиллярлық абсцесс
1. Паратонзиллярлық абсцесс 2. Хаттама коды: H-S-043 3. АХЖ-10 коды: J 36 Перитонзиллярлық абсцесс 4. Анықтамасы: Паратонзиллит - бұл инфекция көзі болып табылатын микроб антигендеріне бадамшалардың сезімталдығы фонында пайда болатын бадамша жанындағы шелмайдың жіті қабынуы. 5. Жіктемесі: Бадамша жанындағы шелмайда патологиялық процестің орналасуына байланысты абсцестің мына түрлері ажыратылады: [1, 3, 5 ] -алдыңғы жоғарғы ( 67,3%-75%); - артқы жоғарғы (12,1%); -артқы (8,6%); - сыртқы немесе бүйірлік (4,8%); - алдыңғы (1,1%); -төменгі (0,6%); -екі жақтық (3,6%). Клиникалық ағымы бойынша: -Жіті (97,1 %); -Жітілеу (2,1%); -жиі қайталанатын (0,6%); - созылмалы (0,2 %). Аурудың даму кезеңі бойынша: -экссудативтік-инфильтративтік; -абсцесс кезеңі; -кері даму кезеңі. 6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жедел 7.Диагностика критерилері: 7.1 шағымдары және анамнезі: жұтқыншақтың ауыруы, көбіне бір жағы, және ангинамен ауырғаннан кейін байқалады. Ауырсыну сезімінің күштілігі сонша, науқас тамақ пен сұйықтық ішуден ғана емес, дәрі ішуден де бас тартады. Басы ауырады, дел-салдық сезіледі. Дене температурасы 38-40°С-қа жетеді. [4] А 7.2 қарап тексергенде: Паратонзиллярлық абсцестің классикалық үштігі (триада) пайда болады: көп мөлшерде сілекей ағу, шайнау бұлшықеттерінің қарысуы (тризм) және ашық маңқалық. 7.3 лабораторлық зерттеулер: Клиникалық анализдерде Жіті инфекциялық-іріңді процеске тән көрініс байқалады: қанда лейкоциттер деңгейінің жоғарылауы, ЭТЖ жоғарылауы. Жалпы несеп анализінде айқын қалыптан ауытқу байқалмайды. 7.4 инструменталдық зерттеу: Фарингоскопияда бадамша жанындағы тіннің Жіті ісінуінен және қызаруынан аңқа ассиметриясы көрінеді (тілшік, жұмсақ таңдай, доғалары), таңдай бадамшасының орнынан шығып ортаңғы сызыққа қарай жылжуы. 7.5 мамандар консультациясын алуға көрсеткіштер: инфекционист, онколог, гематолог, дерматолог-венеролог. 7.6 салыстырмалы диагноз: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|