|
|
|
Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану туралы
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
2009 ж. 21 наурыздағы № 142-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі, 1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы Кеден одағы туралы келісімге, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімге, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартқа, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартқа негізделе отырып, төмендегілер туралы келісті:
Қолдану саласы
1. Осы Келісім үшінші мемлекеттердің кедендік аумағынан шығарылатын және Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына арналған тауарлардың импортымен байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. 2. Осы Келісім зияткерлік меншік объектілеріне қызметтер көрсетумен, жұмыстарды орындаумен, айрықша құқықтарды берумен немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға арналған құқықты берумен, инвестицияларды және валюталық бақылауды жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттемейді.
Келісімде қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді: «ұқсас тауар» - тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толықтай сәйкес келетін, не мұндай тауар жоқ болғанда тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарлардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар; «демпингке қарсы шара» - демпинг қарсы баж енгізу, оның ішінде алдын-ала демпингке қарсы баж немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті баға міндеттемесін мақұлдау арқылы импорт демпингіне қарсы іс-қимыл шарасы; «демпингке қарсы баж» - демпингке қарсы шараны енгізу кезінде және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажын салатынына қарамастан алатын баж; «демпингтік маржа» - оның экспорттық бағасына мұндай тауардың қалыпты құнына пайызбен көрсетілген қатысы не тауардың қалыпты құны мен абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген оның экспорттық бағасының арасындағы айырмашылық; «импорттық квота» - Тараптар мемлекеттердің кедендік аумағына тауардың импортын оның санына және (немесе) құнына қатысты шектеу; «өтем шарасы» - құзыретті органның шешімі бойынша өтем бажын, оның ішінде алдын ала өтем бажын енгізу не субсидиялаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органымен ерікті баға міндеттемесін мақұлдау арқылы экспорттаушы шет ел мемлекетінің ерекше субсидия әсерін бейтараптандыру шарасы; «өтем бажы» - өтем шарасын енгізу кезінде және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажын салатынына қарамастан алатын баж; «құзыретті орган» - 2007 жылғы 6 қарашадағы Кеден одағы туралы шартқа сәйкес бекітілген кеден одағы комиссиясы; «Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына материалдық залал» - жекелей алғанда Тараптар мемлекеттерінде ұқсас тауар өндірісінің көлемін қысқартумен, мұндай тауар өндірісінің рентабелділігін төмендетумен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттері экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуда, жалақының деңгейіне және Тараптар мемлекеттері экономикасының осы саласына инвестициялардың деңгейіне келеңсіз әсер етумен көрінетін Тараптар мемлекеттерінің экономикасының дәлелдермен куәландырылған нашарлауы; «ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржа» - 2 пайызды құрайтын демпингтік маржа; «тікелей бәсекелес тауар» - тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толық сай келетін, өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ басқа да негізгі қасиеттері бойынша тергеу объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде сатып алушы ауыстыратын не ауыстыруға дайын тауармен салыстырмалы тауар; «сауданың кәдімгі барысы» - өндірістің орташа өлшемді шығындарын және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығындарды ескере отырып, айқындалатын соған ұқсас тауардың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы соған ұқсас тауарды сатып алу-сату; «Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы» - тарап мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірумен байланысты ахуалды жалпы нашарлатудан көрінетін және әдетте олар бойынша статистикалық деректер бар тергеу басталар алдында үш күнтізбелік жыл бұрын айқындалатын Тараптар мемлекеттерінің экономикасы салаларының өндірістік, сауда және қаржы жағдайының елеулі нашарлауы; «арнайы баж» - қорғау шараларын енгізген кезде Тарап мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажының алынуынан қарамастан алатын баж; «арнайы қорғау шарасы» - импорттық квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде, алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы құзыретті органның шешімі бойынша қолданылатын Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына өспелі импортты шектеу жөніндегі шара; «субсидияланатын импорт» - өндірілуі, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына шетелдің экспорттаушы мемлекеттерінің ерекше субсидиясы қолданылған тауардың импорты; «субсидиялаушы орган» - экспорттаушы шетел мемлекетінің мемлекеттік органы (оның ішінде Тараптар мемлекетінің Президенті) не жергілікті өзін өзі басқару органы не тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актілерге сәйкес немесе нақты жағдайларға байланысты тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін өзі басқару органы өкілеттік берген шаруашылық жүргізуші субъект; «Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру қатері» - Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтірудің айғақтармен расталған болмай қоймаушылығы; «Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтіру қатері» - Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтірудің айғақтармен расталған болмай қоймаушылығы; «экспорттық баға» - Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына тауардың импорты кезінде байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушылар төлеген немесе төлеуі тиіс баға; «экспорттаушы шетел мемлекеті» - осы Келісімнің 10-бабының 9-тармағында көрсетілген транзит жағдайларынан басқа, Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауар экспортталатын осы Келісімге қатысушы болып табылмайтын шетел мемлекеті (шетел мемлекеттер бірлестігі); «үшінші мемлекеттер» - 2007 жылдың 6 қазанындағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шарттың қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттер.
Тергеу
1. Тауарлардың импорты кезінде арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтем шараларын енгізуде осы Келісімге сәйкес жүргізілетін тергеу бұрын болуы тиіс. 2. Тергеу нәтижелері бойынша құзыретті орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтем шараларын енгізу, қайта қарау, жою не қолданбау туралы шешім қабылдайды. 3. Тергеуге қатысты дәлелдер, мәліметтер мен хат алысулар құзыретті органға орыс тілінде ұсынылады, ал құжаттардың шет тілінде жасалған түпнұсқалары ұсынылған аударма растала отырып, орыс тіліндегі аудармасымен ілесе жүруі тиіс.
II. Арнайы қорғау шаралары
Арнайы қорғау шараларын қолданудың жалпы қағидаттары
1. Арнайы қорғау шаралары тауарға, егер құзыретті орган жүргізген тергеу нәтижесі бойынша импорттаушы Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына осы тауардың импорты осындай ұлғаймалы санда жүзеге асырылатыны (Тараптар мемлекеттерінде тікелей бәсекелесу тауардың жалпы көлеміне абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштердегі) белгіленетін жағдайда және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтіретін немесе мұндай залал келтіру қатерін келтіретін тудыратын осындай жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. 2. Арнайы қорғау шаралары, егер мұндай елден бұл тауар импортының үлесі олардың әрқайсысының үлесіне Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемнің кемінде 3 пайызы келетін дамушы елдерден шығатын бұл тауар импортының жиынтық үлесі Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына бұл тауарлар импортының жалпы көлемінің 9 пайызынан аспайтын жағдай кезінде Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына бұл тауар импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аспаса, Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы елдерден шығатын тауарларды қоспағанда, олардың шығарылатын еліне қарамастан экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына импортталатын тауарға қолданылады.
Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалды немесе ұлғаймалы импорттың салдарынан болатын мұндай залалды келтіру қатерін белгілеу
1. Тергеу барысында құзыретті орган Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына ұлғаймалы импорт салдарынан болған Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының елеулі залалын немесе мұндай залалды келтіру қатерін белгілеу мақсатында сандық көрсеткіштерде көрінуі мүмкін беретін объективті факторларды бағалайды және Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының экономикалық жағдайына әсер етеді, оның ішінде: 1) Тараптар мемлекеттерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне абсолюттік көрсеткіштердегі және салыстырмалы көрсеткіштердегі Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауар импорты өсуінің қарқыны мен көлемі; 2) Тараптар мемлекеттерінің осы тауарды және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды сатудың жалпы көлемінде тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауардың үлесі; 3) Тараптар мемлекеттерінде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың бағасымен салыстыру бойынша тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауарға баға деңгейі; 4) Тараптар мемлекеттерінде, Тарап мемлекеттерінің нарығында өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды сату көлемін өзгерту; 5) Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісінің көлемін, өнімділігін, өндірістік қуаттардың жүктемесін, пайда мен зиянның мөлшерлерін, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейін өзгерту. 2. Ұлғаймалы импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал немесе мұндай залалды келтіру қатер іске қатысты және құзыретті органның иелігінде бар барлық айғақтар мен мәліметтерді талдау нәтижесі негізінде белгіленуі тиіс. 3. Құзыретті орган ұлғаймалы импорттан басқа осының салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтірілетін немесе мұндай залал келтіру қатері жасалатын сол кезеңде басқа да белгілі факторларды талдайды. Көрсетілген залалды құзыретті орган Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына ұлғаймалы импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына келтірілген залалға жатқызбауы тиіс.
Алдын-ала арнайы бажды енгізу
1. Тараптар мемлекеттерінің экономика салаларындағы сындарлы жағдайы кезінде, егер тергеу аяқталғанға дейін арнайы қорғау шаралары қолданылған кідірту салдарын жою қиын болатын Тараптар мемлекеттерінің экономика салаларына елеулі залал келтіру мүмкіндігі белгіленген жағдайда құзыретті орган Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына өспелі импорт пен Тараптар мемлекеттерінің экономика салаларына залал арасындағы себеп-салдарлық байланысты белгілеу туралы алдын-ала қорытынды негізінде бір мезгілде тергеуді жалғастыру жағдайы кезінде 200 күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы арнайы қорғау шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды. 2. Құзыретті орган алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкіндігі туралы экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органын, сондай-ақ басқа да оған белгілі мүдделі тұлғаларды жазбаша нысанда хабардар етеді. 3. Мұндай консультациялар алдын ала арнайы бажды енгізу мәселесі бойынша консультациялар өткізу туралы экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органының сұрау салуы бойынша алдын ала арнайы бажды енгізу туралы шешімді уәкілетті органның қабылдағаннан кейін басталуы тиіс. 4. Егер тергеу нәтижелері бойынша арнайы қорғау шараларын енгізу үшін негіздеме жоқ жағдайда алдын-ала арнайы баж сомасы алдын ала арнайы бажды алған кеден органдары Тарап мемлекеттерінің заңнамасында кедендік төлемдерді қайтару үшін белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтарылуы тиіс. 5. Егер, тергеу нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж ставкасына қарағанда арнайы баждың неғұрлым төмен ставкасын енгізу орынды деп танылған жағдайда алдын ала арнайы баж ставкасы мен арнайы баж ставкасының арасындағы айырмашылықты алдын ала арнайы бажды өндіріп алған кеден органдары Тарап мемлекеттерінің заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтаруы тиіс, ал алдын ала арнайы баж сомасының қалдығы кедендік баж сомасын, баждардың өзге де түрлерін, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды аударуды және бөлуді реттейтін кеден одағы шеңберінде жасалған келісімге сәйкес бюджетке аударылады. 6. Егер түпкілікті арнайы баж ставкасы алдын ала арнайы баж ставкасынан жоғары болған жағдайда олардың арасындағы айырмашылық төлеушіден алынбайды. 7. Егер тергеу нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасының қолданылуының жалпы мерзіміне есептеледі, ал алдын ала арнайы баж сомасының қалдығы кедендік баж сомасын, баждардың өзге де түрлерін, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды аударуды және бөлуді тетігі саласындағы кеден одағы шеңберінде жасалған келісімге сәйкес бюджетке аударылады.
Арнайы қорғау шараларын қолдану
1. Арнайы қорғау шарасы құзыретті органның шешімі бойынша Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалды жою үшін, сондай-ақ өзгермелі экономикалық жағдайға Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын бейімдеу процесін жеңілдету үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады. 2. Егер арнайы қорғау шарасы импорттық квотаны белгілеу арқылы қолданылған жағдайда, мұндай импорттық квотаның деңгейі статистикалық деректері бар өтінішті беру күнінің алдындағы 3 жыл үшін, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалды немесе мұндай залалды келтіру қаупін жою үшін импорттық квотаның аз деңгейін белгілеу қажеттілігі жағдайларын қоспағанда, тергеу объектісі болып табылатын тауар импорты көлемінің (сандық немесе құндық көріністе) орташа жылдық деңгейінен төмен болмауы тиіс. 3. Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауардың экспортына мүдделілігі бар экспорттаушы шетелдік мемлекеттердің арасындағы импорттық квотаны бөлу кезіңде олардың арасындағы импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу ұсынылуы мүмкін. 4. Егер 3-тармақта аталған, импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу мүмкін болмайтын немесе аталған консультациялар барысында мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда импорттық квота сандық немесе құндық көріністегі осы тауардың импортының жалпы көлемі негізіндегі тергеу жүргізуге өтінішті беру күніне келетін 3 күнтізбелік жыл үшін экспорттаушы шетел мемлекетінен осы тауардың импорты кезінде қалыптасқан шамада тергеу объектісі болып табылатын тауарды Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына экспортқа мүдделігі бар экспорттаушы шетел мемлекеттерінің арасында бөлінеді. 5. Егер, жекелеген экспорттаушы мемлекеттерден шетел мемлекеттерінің бірлестіктері тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының өсуіне қатысты пайызда статистикалық деректері бар өтінішті беру күніне келетін 3 жыл үшін осы тауардың импортының жалпы өсуіне қатысты тең еместей ұлғайған жағдайда құзыретті орган осындай мемлекеттерден Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына осы тауардың импортының өсуінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін ескере отырып, мұндай мемлекеттер арасындағы импорттық квотаны бере алады. 6. Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына арнайы қорғау шаралары ретінде импорттық квотаны белгілеу туралы шешім қабылданған тауардың импорты импортына сандық шектеулер белгіленген тауарлар үшін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады. 7. Ауыл шаруашылығы тауарларына тергеу жүргізілмей-ақ, егер осы тауар импорты көлемінің өсуі осы баптың 8-тармағы ережелерінің негізінде белгіленген базалық деңгейден артық болса, мұндай тауарға кеден бажының қолданыстағы ставкасының үштен бірінен аспайтын мөлшерде аталған баж енгізілген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі мерзімге ғана арнайы баж енгізілуі мүмкін. 8. Осы баптың 7-тармағында көзделген базалық деңгей мына: 1) егер тауар импортының мұндай үлесі 10 пайыздан аз немесе тең болғанда, базалық деңгей 125 пайызды құрайтын; 2) егер тауар импортының мұндай үлесі 10 пайыздан асатын, бірақ 30 пайыздан аз немесе тең болғанда, базалық деңгей 110 пайызды құрайтын; 3) егер тауар импортының мұндай үлесі 30 пайыздан асатын, базалық деңгей 105 пайызды құрайтын статистикалық деректер бар алдағы 3 жыл үшін Тараптар мемлекеттерінде оның ішкі тұтыну көлеміндегі тауар импортының үлесіне ескере отырып, айқындалады. 9. Осы Баптың мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы тауарлары деп 3301, 3501 - 3505, 4101 - 4103, 4301, 5001 - 5003, 5101-5103, 5201-5203, 5301, 5102 позицияларында және 2905 43, 2905 44, 3809 10 және 3824 60 қосалқы позицияларындағы балық және балық өнімдерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Тауар номенклатурасының 1-24 топтарында жіктелген тауарлар түсініледі.
Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және қайта қарау
1. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес осындай шараның қолданылу мерзімін ұзарту жағдайын қоспағанда, 4 жылдан аспауы тиіс. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі егер, құзыретті орган жүргізген қайта тергеу нәтижесі бойынша Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалды жою немесе арнайы қорғау шараларын қолдану мерзімі ұзартылуы қажет мұндай залал келтіру қаупі үшін арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту қажет деп белгіленсе және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы өзгермелі экономикалық жағдайларға осы саланың бейімделуіне жәрдемдесетін айғақ болса, құзыретті органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін. Тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қайта тергеу жүргізу кезінде тергеу жүргізуге қатысты ереже қолданылды. 3. Құзыретті органның арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдауы кезінде мұндай шара арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдау күніне қолданылатын арнайы қорғау шарасынан шектемелігі көп болмауы тиіс. 4. Егер, арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі бір жылдан асқан жағдайда, құзыретті орган осындай шараның қолданылу мерзімінің ішіндегі тең уақыт аралығы арқылы осындай арнайы қорғау шарасын бірте-бірте жеңілдетеді. Егер, арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі 3 жылдан асатын жағдайда осындай шараның қолданылу мерзімінің жартысының аяқталуы бойынша құзыретті орган мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша немесе өз бастамашылығы бойынша нәтижесінде әлеуметтік қорғау шарасы сақталуы, жеңілдетілуі немесе жойылуы мүмкін қайта тергеуді жүргізеді. Осы баптың мақсаты үшін арнайы қорғау шарасын жеңілдету деп құзыретті органның шешімі бойынша қолданылатын импорттық квотаның көлемін ұлғайту немесе арнайы баждың ставкасын төмендету түсініледі. 5. Алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі мен арнайы қорғау шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзімді қоса алғанда, арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзімі 8 жылдан аспауы тиіс. 6. Арнайы қорғау шарасы бұрынғы арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде оған бұрын арнайы қорғау шарасы қолданылған тауардың импортына қайта қолданылуы мүмкін емес. Бұл ретте, бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылмайтын мерзім 2 жылдан кем болуы мүмкін емес. 7. Қолданылу мерзімі осы баптың 6-тармағында белгіленген ережелеріне қарамастан қолданылу мерзімі 180 немесе одан да аз күнді құрайтын арнайы қорғау шарасы егер, алдыңғы арнайы қорғау шарасын енгізу күнінен бастап бір жылдан кем мезгілде өтсе және арнайы қорғау шарасы жаңа арнайы қорғау шарасын енгізудің алдыңғы күніне тікелей көретін 5 жыл ішінде 2 реттен астамда осы тауарға қолданылмаса сол тауарға қайта қолданылуы мүмкін.
III. Демпингке қарсы шаралар
Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы қағидаттары
1. Демпингке қарсы шара егер, құзыретті орган жүргізген тергеу нәтижелері бойынша осындай тауардың импорты Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтірген, ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қатерін төндіретін немесе Тарап мемлекеттерінің экономика саласын құруды айтарлықтай кідіртетін жағдайда демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарға қолданылуы мүмкін. 2. Тауар егер, осы тауардың экспорттық бағасы тауардың қалыпты бағасынан төмен болса, демпингтік импорт мәні болып табылады. 3. Осы тараудың мақсаты үшін тергеу кезеңі әдетте, тікелей тергеу жүргізу туралы өтініш беру күні алдындағы 12 айға тең белгіленеді, бірақ кез келген жағдайда 6 айдан кем болмауы тиіс.
Демпингтік маржаны айқындау
1) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың орташа өлшемді экспорттық бағасымен; 2) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын сатып алушыларға, өңірлерге немесе тауарды жеткізу кезеңіне қарау тауар бағасындағы елеулі айырмашылықтар жағдайы кезінде жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық бағасымен; 3) жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық қалыпты құнымен жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық бағаларымен салыстыру негізінде демпингтік маржаны айқындайды. 2. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру сауда операциясының сол сатысында және бір уақытта мүмкіндігі бойынша орын алған тауарды сату жағдайына қатысты жүзеге асырылады. 3. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру кезінде бағаның салыстырмалығына әсер ететін айырмашылықтарды, оның ішінде, жеткізулердің, салық салудың жағдайлары мен сипаттамаларын, сауда операцияларының, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалары барларының айырмашылықтарын, сондай-ақ оларға қатысты бағаның салыстырмалығына олардың әсер етуін айғақтауы берілетін басқа кез келген айырмашылықтарын ескере отырып, оларды түзету жүзеге асырылады. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларда шығыстарды, оның ішінде, импорт пен тауарды қайта сату арасындағы кезеңде төленген баждар мен салықтарды, сондай-ақ алынған пайданы ескеру қажет. Құзыретті орган оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты мүдделі тұлғалардан сұратуға құқылы. 4. Экспорттаушы мемлекеттің нарығындағы сауданың кәдімгі барысында осындай тауарды сатып алу-сату мәмілесі болмаған жағдайда немесе егер, сауданың кәдімгі барысы кезінде осындай тауарды сатудың төменгі көлеміне байланысты немесе экспорттаушы мемлекеттің нарығындағы ерекше жағдайға байланысты осындай тауардың бағасымен тауардың экспорттық бағасын тиісті салыстыру жүргізуге мүмкін болмаған жағдайда тауардың экспорттық бағасы осындай тауардың бағасы репрезентативтік немесе қажетті әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, оның шығу еліндегі тауар өндірісінің шығынымен, сондай-ақ ұлттық экономиканың осы саласы үшін белгілі пайдамен болып табылатын шартымен үшінші елге экспорттаушы қатысушы елден экспортталатын осындай тауардың экспорттық бағасымен тиісті салыстыру жүргізу мүмкін емес. 5. Егер, тауар оның шығу елі болып табылмайтын Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына импортталған жағдайда осындай тауардың экспорттық бағасы шетелдік мемлекеттің нарығындағы осындай тауардың салыстырмалы бағасымен салыстырылады. Тауардың экспорттық бағасын салыстыру, егер, осы тауар импорттаушы мемлекеттің кеден аумағына ол экспортталып, мемлекет арқылы транзитпен қайта бағытталса ғана немесе осы тауарды шығару осы мемлекетте жүзеге асырылмаса не онда осындай тауардың салыстырмалы бағасы жоқ болса, оның шығу елінде осындай тауардың салыстырмалы бағасымен жүргізілуі мүмкін. 6. Егер, оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру кезінде бір валютадан екіншісіне олардың шамасын қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу тауарды сату күніне валютаның ресми бағамын пайдалана отырып жүргізіледі. Егер, шетелдік валютаны сату тауарды тиісті экспорттық жеткізумен тікелей байланысты болған және мерзімінде жүзеге асырылған жағдайда мерзімге валютаны сату кезінде қолданылатын валюта бағамы қолданылады. Құзыретті орган валюта бағамының қозғалысын ескермейді және тергеу барысында экспорттаушыларға тергеу кезеңінде валюта бағамдарының тұрақты өзгерістерін ескере отырып, олардың экспорттық бағаларын түзету үшін 60 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзім береді. 7. Құзыретті орган, әдетте жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындайды. 8. Егер, құзыретті орган тауарларды экспорттаушылардың, өндірушілердің немесе импорттаушылардың жалпы санының, тауардың әр түрлілігі мен көлемінің себебі бойынша немесе қандай да бір басқа себеп бойынша тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудың орынсыздығы туралы қорытындыға келген жағдайда, тауары тергеу объектісі болып табылатын, нақты зерттелуі мүмкін әрбір экспорттаушы мемлекеттен тауардың барынша көп бөлігін; немесе құзыретті органның ақпараты бойынша статистикалық танымалдық болып табылатын әрбір экспорттаушы мемлекеттің тауарын іріктеу демпингтік маржаны айқындай алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |