Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелуге қарсы хаттама (Бас Ассамблеяның 2000 жылғы 15 қарашадағы 55/25 қарарымен қабылданған)
2008 жылғы 4 маусымдағы № 38-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды
Кіріспе
Осы Хаттамаға қатысушы-мемлекеттер мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелудің алдын-алу және олармен күресу жөнінде шаралар қабылдау үшін ынтымақтастық, ақпарат алмасу және басқа да тиісті шараларды, оның ішінде ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық шараларды қосқанда, барлығын қамти алатын халықаралық амал қажет деп мәлімдей отырып, Ассамблея мүше-мемлекеттерді және Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесін халықаралық көші-қон саласындағы және көші-қонның түпкілікті, әсіресе кедейшілікпен байланысты себептерін жоюға көмектесу және оларға қатысты халықаралық көші-қоннан түсетін пайданы барынша өсіру мақсатында дамытуда халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға шақырған және өңіраралық, өңірлік және субөңірлік тетіктерге көші-қон мен дамыту мәселелерін қарастырумен айналысуды жалғастыруды ұсынған Бас Ассамблеяның 1999 жылғы 22 желтоқсандағы 54/212 қарарына сілтеме жасай отырып, мигранттарға адамгершілікпен қарауды және олардың құқықтарын толық сақтауды қамтамасыз ету қажеттігіне сенім білдіре отырып, басқа халықаралық форумдарда жүргізілетін жұмысқа қарамастан, мигранттарды заңсыз әкелудің барлық жақтары және осымен байланысты мөселелер көтерілетін әмбебап құжаттың болмауын ескере отырып, тиісті мемлекеттерге зор залал келтіретін, осы Хаттамада көрсетілген мигранттарды заңсыз әкелу және онымен байланысты қылмыстық әрекеттерге сәйкес ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттерінің айтарлықтай кеңеюіне алаңдаушылық білдіре отырып, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|