|
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Арал теңізінің балық шаруашылығы кәсіпорындарын қоғамдық басқару және олардың тұрақты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету»
ҚР Президентінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 551 Жарлығымен мақұлданды
ЖОБА Жапония Үкіметі (JSDF) жанындағы Әлеуметтік даму қорының № ТҒ 056871 Гранты ҚОСЫМША
I бап Стандартты шарттар; Анықтамалар
1.01. Стандартты шарттар. Әр түрлі қорлардан Дүниежүзілік Банк төлейтін гранттар үшін 2006 жылғы 20 шілдедегі редакциясындағы стандартты шарттар (Стандартты шарттар) осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды. 1.02. Анықтамалар. Егер контексте басқаша талап етілмесе, осы Келісімде пайдаланылатын бас әріппен белгіленген терминдердің Стандартты шарттарда немесе осы Келісімде соларға бекітілген сәйкес мағыналары болады.
ІІ бап Жобаны іске асыру
2.01. Жобаның мақсаттары мен сипаттамасы. Жобаның мақсаты жергілікті әлеуетті дамыту, қазіргі материалдық базаны басқару орнықтылығын жақсарту және қамтамасыз ету, Солтүстік Арал теңізі өңіріндегі қорғаусыз балық аулайтын қауымдастықтардың тіршілік жағдайын әлеуметтік құрылымдардың негізгі нысандарының қызметіне қол жеткізуге қолдау көрсету арқылы кәсіпкерлік мүмкіндіктерін кеңейту. Осы Жоба Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы 2001 жылғы 22 қазандағы Кредит Келісімі (Қарыз № 4609 КZ) негізінде Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізі» жобасының 1 Фазасын қолдайды. Жоба мынадай компоненттерден тұрады: А бөлігі: Қазіргі материалдық базаны басқаруды жақсарту арқылы тұрақты тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету үшін әлеуетті дамыту Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|