|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
ҚР Үкіметінің 2008.18.01. № 26 қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу белгіленсін. 2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын. 3. Қоса беріліп отырған: 1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережесі; 2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Астана, Ақорда, 2008 жылғы №
Президентінің 2008 жылғы « » БЕКІТІЛГЕН
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) орталық мемлекеттік органдардың, қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің басшылары қатарынан құрылады. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
3. Комиссияның міндеттері: 1) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) материалдарын қарау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|