|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды негізге ала отырып, білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың екі халықтың өзара түсіністігі мен жақындығын тереңдету үшіп зор маңызы бар екеніне сенім білдіре отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен басқа құжаттарында белгіленген нормаларына адалдығын растай отырып, төмендегілер туралы келісті,
1-БАП
Тараптар білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, ақпарат, туризм, спорт саласындағы, сондай-ақ жастар мен творчестволық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты көтермелейтін болады.
2-БАП
Тараптар білім,ғылым жене технология саласындағы ынтымақтастықты қолдайды, жоғары және орта оқу орындары, ғылым академиялары және ғылым мен білімнің басқа мекемелері арасындағы байланыстарды орнату үшін өзара қолайлы жағдай жасайтын болады.
3-БАП
Тараптар екі елдің тарихы мен мәдениетін зерттеуге жәрдем беретін болады.
4-БАП
Тараптар оқу орындары берген куәліктерді, ғылыми дәрежелерді және дипломдарды өзара тану мүмкіндігін қарастырады және осы мәселе бойынша бөлек келісім жасайды.
5-БАП
Тараптар ведомствоаралық құжаттар негізінде азаматтардың екі елдің жоғары оқу орындарында оқуы үшін қажетті жағдай жасайтын болады.
6-БАП Тараптар Болгария Республикасының азаматы болып табылатын қазақ ұлтының адамдарына және Қазақстан Республикасының болгар ұлты азаматтарына өз тілін, мәдениетінің дамуын жене өзіндік ерекшелігін зерттеу үшін қолайлы жағдай жасайтын болады.
7-БАП
Тараптар мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты: - Мәдениет күндерін, өнер фестивалдарын ұйымдастыру және өткізу; - бейнелеу өнерінің көрмелерімен алмасу; - мамандарды сынау мерзімі; - киноматография ұйымдары арасындағы ынтымақтастық; - мәдениет мекемелерінде, кітапханаларда және мүражайлардағы зерттеу жұмысына жәрдемдесу жолымен қолдайтын болады.Осы мақсат үшін олар ішкі заңдарға сәйкес басқа Тараптың материалдарына рұқсатты қамтамасыз етеді.
8-БАП
Тараптар мәдениет мекемелері арасындағы мемлекеттік, аумақтық және жергілікті деңгейдегі байланысты көтермелейтін боладъі.
9-БАП
Тараптар басқа Тараптың аумағында орналасқан мәдени-тарихи ескерткіштерді және басқа материалдық және рухани мәдениет обьектілерін өзара сақтауға бағытталған күш-жігерін жұмсайтын болады.
10-БАП
Тараптар денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастықты қолдайтын болады.
11-БАП
Тараптар екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастыққа: - бұқаралық ақпарат құралдарының әртүрлі салаларындағы мамандармен өзара алмасу; екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты үйлестіру үшін ақпараттық бюро құру жолымен жәрдемдесетін болады.
12-БАП
Тараптар баспа ісіндегі және шығарма аудармасындағы ынтымақтастыққа: - екі елдердегі қолданыстағы ережелер мен тәртіпке сәйкес журналистика, баспахана, кітап шығару, ісітап тарату, ақпараттық алмасу саласындағы кадрларды даярлау мен сынау мерзіміндегі ынтымақтастық; - кітап көрмелері мен жәрмеңкелерді өткізу, кітап және жарнама өнімдерімен алмасу; - кітап шығару саласында баспалар, авторлық ұжымдар, шығармашылық одақтар арасындағы шығармашылық байланысгарды реттеу және нығайту; - қазақ және болгар тілдеріндегі бірлескен басылымдарды, сондай-ақ қатар мәтіндегі кітаптарды шығарудағы ынтымақтастық жолымен жәрдемдесетін болады.
13-БАП
Тараптар екі елдің мемлекеттік архивтік қызметтері арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетін болады.
14-БАП
Тараптар халықаралық қабылданған келісімдер мен ішкі заңдар шеңберінде өз аумақтарында заңды және жеке тұлғалардың авторлық құқықтарын қорғауға міндеттенеді.
15-БАП
Тараптар туризм мен спорт саласындағы ынтымақтастықты қолдап, одан әрі дамытатын болады.
16-БАП
Тараптар халықаралық ұйымдар мен шығармашылық одақтар арасындағы тікелей байланыстарды көтермелейтін болады.
17-БАП
Осы Келісімді жүзеге асыру үшін ынтымақтастықтың нақты ұйымдық нысаны мен қаржы жағдайын мазмұндайтын ведомствоаралық хаттамалар мен бағдарламалар жасалатын болады.
18-БАП
Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалды және қол қойған сәттен күшіне енеді. Егер Тараптардың бірі оның қолданысын тоқтататыны туралы екінші Тарапқа кезекті мерзім аяқталғанға дейін алты ай бұрын жазбаша хабарламаса, оңда келесі бес жылдық мерзімге өздігінен ұзартылады. Алматы қаласында 1997 жылғы 13 қарашада екі данада, әрқайсысы қазақ, болгар және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы туған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді ұстанатын болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |