Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы достық,
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы, төменде олар Екі Жақ деп аталады, Екі Жақ ынтымақтастық пен тату көршілікті одан әрі дамытуға деген ұмтылысты басшылыққа ала отырып, қазақ және әзірбайжан халықтарын ғасырлар бойы жақындастырып келген жалпыадамзаттық құндылыңтарды жоғары қоя отырып; өздерінің екіжақты қатынастарын халықаралық правоның принциптері негізінде қалыптастыруға, көпжақты ынтымақтастықты дамытуға және екі халық арасындағы достық қатынастарды нығайтуға ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
1 - статья
Екі Жақ бір-бірінің егеменді теңдігін, қазіргі шекаралар шегінде территориялық тұтастығын таниды және өзара қатынастарда ішкі істеріне араласпау принциптерін басшылыққа алады.
2 - статья
Келісуші Жақтар өздерінің азаматтарына, олардың ұлтына немесе өзге де айырмашылықтарына қарамастан, тең право мен бостандығына кепілдік береді. Екі Жақ әрқайсысының территориясында тұратын азаматтарға өздері территориясында тұратын жақтың азаматы болу правосына кепілдік береді. Басқа жақтың территориясында тұратын адамдардың тараптардың бірінің азаматтығын алу мәселелері екі жақтың азаматтық туралы заңдарын ескере отырып тиісті келісімдермен реттелетін болады.
3 - статья
Тараптардың әрқайсысы басқа жақтың азаматтарына, сондай-аң оның территориясында тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, олардың ұлтына, діни сеніміне немесе өзге де айырмашылықтарына қарамастан, адам. праволары туралы жалпы жұрт таныған халықаралық нормаларға сәйкес азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени праволар мен бостандықтарға кепілдік береді. Тараптардың әрқайсысы келісуші басқа жақтың территориясында тұратын өз азаматтарының праволарын қорғайды, оларға жан-жақты көмек көрсетеді және қолдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|