|
|
|
Қазақстан Республикасы мен австралия арасындағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австралия Үкіметі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын); Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптеріне өзінің адалдығын қуаттай отырып; жанжалдардың алдын алу мен оларды шешуде халықаралық ынтымақтастық және халықаралық қауіпсіздік пен сенімді нығайту жөніндегі инициативаларды қолдау бойынша күш-жігерлерді қолдай отырып; ядролық қарудың таралмауына және қарусыздандыруға, сонымен бірге Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа, Химиялық қару жөніндегі конвенцияға және Ядролық қаруды сынақтан өткізудің жалпыға бірдей және толық тыйым салынуы туралы шартқа қатысу мен қолдау арқылы жәрдемдесетін өз міндеттемелерін .қуаттай отырып; екі жақты байланыстардың бұдан әрі терендетілуі екі елдің мүддесін білдіретініне және бейбітшілік пен түрақтылықтың нығаюына жәрдем тигізетіне кәміл сене отырып; екі ел арасындағы өзаралық мүддені білдіретін салалардағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуды көздей отырып; келесі өзара түсіністікке қол жеткізді: 1. Тараптардың арасындағы қарым-қатынастар өзара құрметтеу, тең құқықтық және өзара тиімділік принциптеріне, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған басқа да нормаларына негізделетін болады. 2. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Австралияның арасындағы қатынастарды кеңейту жөне терендету кез келген басқа мемлекеттің мүдделеріне қарсы бағытталмаған жөне басқа елдердің алдындағы олардың екіжақты, аймақтық немесе көпжақты міндеттемелеріне әсерін тигізбейді деп мәлімдейді. 3. Тараптар дауларды консультациялар және келіссөздер жолымен бейбіт шешуге деген өз адалдығын куаттайды. 4. Тараптар екіжақты негізде және халықаралық форумдардың шеңберінде, атап айтқанда, ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру саласында өзара іс-қимылдар жасайтын болады. Қазақстан Республикасы Австралияның ғаламдық қарусыздандыруға және ядролық қарудың таралмауына қосқан үлесін, сондай-ақ оның қауіпсіздік жөніндегі аймақтық форумдардағы және диалогтардағы міндеттемелерін жоғары бағалайды. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨІСШК) қоса алғанда, Австралия Қазақстанның Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздіктің тетіктерін дамытуға бағытталған күш-жігерлерін қолдайды. 5. Тараптар Азия жөне Тынық мүхит үшін БҰҰ-ның Экономикалық жөне Әлеуметтік комиссиясының, сондай-ақ өздері қатысушылары болып табылатын басқа да аймақтық форумдардың шеңберінде өзара іс-қимыл жасайтын болады. 6. Тараптар ұйымдасқан қылмысқа, «ақшаны тазалауға», есірткілердің заңсыз айналымына, терроризмге және контрабандаға қарсы күресте бірлесіп іс-қимыл жасайтын болады. 7. Тараптар өз елдерінің заң шығарушы және атқарушы органдарының арасындағы ынтымақтастықты көтермелейтін болады. 8. Тараптар өздерінің тиісті үкіметтік және жеке ұйымдары арқылы сауда жөне инвестициялар саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыкқа жәрдемдеседі. Тараптар минералдық ресурстардың дамуы, энергетика, өндіріс, ауыл шаруашылығы, телекоммуникация сияқты басым салалардағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін белгілейді, сондай-ақ жоғары технологиялармен, ғылыми зерттеулермен алмасуға және бірлескен кәсіпорындардың құрылуына жәрдемдесетін болады. 9. Тараптардың әрқайсысы өзінің заңдары мен қағидаларына сәйкес студенттермен, оқытушылармен, стажерлармен және Тараптар белгілеген қазақстандық және австралиялық білім мекемелерінің арасындағы ақпаратпен алмасу арқылы білім және кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетін болады. 10. Тараптар өздерінің арасында белгіленген тәртіпте осы Өзара түсіністік меморандумымен қамтылатын барлық мәселелер бойынша кез келген Тараптың өтініші бойынша консультациялар өткізетін болады.
11. Осы Өзара түсіністік меморандумында көзделген салаларда туындаған кез келген мәселе жөнінде Тараптар арасындағы байланыс дипломатиялық арналар бойынша жүргізілетін болады. 12. Осы Өзара түсіністік меморандумына Тараптардың өзара келісімі бойынша жазбаша өзгерістер енгізілуі мүмкін. Осы Өзара түсіністік меморандумы оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және бес жыл бойында күшінде қалады. Тараптардың әрқайсысы кез келген уақытта алты ай бұрын жазбаша мәлімдеме жолымен оның қолданысын тоқтатуы мүмкін. Канберрада 1996 жылғы 12 желтоқсанда қазақ және ағылшын тілдерінде қол қойылды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |