|
Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы Жолдау жіберіліп отыр. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл толады. Бұл Конституцияның мемлекеттілік және құқық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау саласындағы биік стандарттарға табыспен жылжудың игі бастамасы болғандығына көз жеткізу үшін әбден жеткілікті уақыт. Конституциялық құрылыстың он жылдық тәжірибесінің кейбір қорытындыларын шығару қажеттілігін осылай түсіндіруге болады.
1. Конституциялық дамудың негізгі қорытындылары
Конституция еліміздің құқықтық жүйесінде басымды орын алады. Онда қоғамның, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік саланың, мемлекеттің және құқықтың сипатын айқындайтын негізгі идеялар баянды етіледі және мемлекеттік реттеудің шектері мен сипаты белгіленеді. Конституция мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бастауларын, халықаралық және ұлттық құқықтың ара-қатынасын айқындайды. Жаңа формациядағы құқықтық қағидалардың қайнар көзі ретінде Республика Конституциясы, президенттік басқару нысанын мемлекеттік механизмнің негізі етіп алды, сол арқылы қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық саласы үшін сапалы заңдық құрылғылар жасалуы мен қызмет істеуін заң шығару деңгейінде қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияның мызғымастығының кепілі, барлық мемлекеттік институттардың бірлігі мен келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, мемлекеттік-құқықтық жүйені біріктіретін түпқазық болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|