|
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметтерінің өзекті бағыттары бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1374 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру іс-шарасы Жоспарының 16-тармағын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ереженің 20-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органдарында және штат сандарында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметтерінің өзекті бағыттары бойынша ғылыми-зерттеулік лаборатория (бұдан әрі - лаборатория) құрылсын. 2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ғылыми-зерттеулік лабораториясы туралы типтік ережесі бекітілсін. 3. Лабораторияның қызметіне жалпы әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылық талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасына (Ә.Ж. Тұрановқа) жүктелсін. 4. Құрылымында лаборатория қызметі атқарылатын Комитеттің аумақтық органдарының бастықтары Комитет басшылығын тоқсан сайын, келесі есептік кезеңдегі айдың оныншы санынан кешіктірмей, ғылыми-зерттеулік қызметтің нәтижелері туралы ақпараттандырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуындағы бақылау Комитет Төрағасының бірінші орынбасары С.М. Айтпаеваға жүктелсін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|