Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 383-к бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті туралы
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Ереже) туралы осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеге сәйкес әзірленген. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған саладағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрдің және Жауапты хатшының бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоты болады. 5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар. 6. Комитет Қазақстан Республикасының заңннамасында белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде актілер шығарады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|