Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі Агенттігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі жедел ақпараты
2008 жылғы 1 қаңтарға еліміздегі халық саны нақтыланған деректер бойынша 15571,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалық - 8265,9 мың (53,1%), ауылдық - 7305,6 мың адам (46,9%). 2007 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда ол 174,6 мың адамға немесе 1,1% өсті. Осы кезең ішінде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа өңірлерде халық санының өсуі байқалды. Жалпы санының ең жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан облысына келеді - 49,0 мың адам, ал оның ең көп азаюы - Шығыс Қазақстан облысында - минус 7,1 мың адам. 2007 жылы республика халқының табиғи өсімі 163666 адамды құрады (144546 адам - осы жерде және бұдан әрі жақшаларда 2006 жылдың көрсеткіштері келтірілген). 2007 жылы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,6 (9,4) адамды құрады. 2007 жылы АХАЖ органдары 321963 (301756) тууды тіркеді, ол 2006 жылға қарағанда 6,7%-ға көп. Осы кезең ішінде 165543 ұл және 156420 қыз, немесе 100 қызға шаққанда106 ұл туды. Туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 20,8 (19,7) туғандарды құрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|