Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 20 Қаулысымен күші жойылды
Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 5757 қаулысына 4 қосымша
«Балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуды қалайтын отбасыларынан тапсырыстар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуды қалайтын отбасыларынан тапсырыстар қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 16-бөлімінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген патронат туралы Ереженің 11 тармағының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті Қасым Қайсенов көшесі, 10-а мекенжайы бойынша орналасқан, www.goroo.ukg.kz сайты, «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып баланы асырап алуға тапсыру туралы шарт жасау болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған, тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап, электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 30 күннің ішінде; 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 1 сағаттың ішінде; 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы ақпарат Бөлімнің ақпараттық тағандарында, www.goroo.ukg.kz сайтында, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде орналастырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|