ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 78 өкімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2006 жылғы 22 маусымдағы № 126 өкімімен бекітілген
Республика соттарының ғимараттарында (үй-жайларында) азаматтардың жүріп-түруы туралы
Осы Ереже азаматтардың сот ғимараттарына және солардың ішінде орналасқан үй-жайларға келген кездегі мінез-қүлығының нормаларын белгілейді және орнатылған тәртіп пен судьялар мен сот аппараттары қызметкерлерінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады. Сот ғимараттарындағы мінез-құлық ережелері Қазақстан Республикасының аумағында соттардың сот төрелігін жүзеге асыру рәсімін реттейтін заң нормаларына сәйкес және азаматтардың сот қорғауына конституциялық құқығын іске асыру мақсатында жасалған.
1.1. Сот ғимараттары және үй-жайлар деп - судьялар мен сот аппараттарының қызметкерлері ішінде үдайы жүретін және қызметтік міндеттерін атқаратын жеке ғимараттар (кұрылыстар) немесе солардың ішінде орналасқан үй-жайларды түсінген жөн. Сот мәжілісінің залдары мен судьялардың және сот аппараттары қызметкерлерінің қызмет бөлмелерімен қатар, сот істерін (кеңселер мен сот мүрағаттары), құжаттама мен материалдық-техникалық қүндылықтарды (гараждар, қоймалар, заттай айғақтарды сақтау камералары) сақтауға арналған үй-жайлар және ортақ пайдаланыс орындары (дэліздер, холлдар, буфеттер, дэретханалар, баспалдақтар және т.б.) сот ғимараттарына жатады. 1.2. Сотта жұмыс істемейтін, сот ғимаратына (үй-жайына) уақытша келген эрбір жеке тұлға сотқа келуші болып танылады. Он төрт жасқа дейінгі кэмелетке толмаған тұлғалар, егер олардың келуі судьялардың және сот аппараттары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтірмесе, сот ғимараттарына (үй-жайларына) ата-анасының (жақын туысқандарының, қорғаншыларының немесе оқытушыларының) қасына еріп қана кіре алады. 1.3. Сот ғимараттарында (үй-жайларында) орнатылған тәртіп деп: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|