Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасында 1994 жылғы 21 наурызда Лондонда Уағдаласушы Мемлекеттердің атынан қол қойылған табыстарға және мүлік құнының өсіміне қосарланған салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенциядағы өзгертулер туралы Хаттама (1997 жыл 18 қыркүйек)
ҚР 1998 жылғы 9 шiлдедегі № 275-1 Заңымен бекітілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі: Уағдаласушы Тараптардың арасында 1994 жылғы 21 наурызда Лондонда қол қойылған табыстарға және мүлік құнының өсіміне қосарланған салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенциядағы (бұдан әрі Конвенция деп аталады) өзгертулер туралы Хаттама жасасу ниетімен; мына мәселелер туралы уағдаласты:
1-бап
Конвенцияның 11-бабының 10-тармағы алынып тасталады және төмендегі тармақпен ауыстырылады: "10. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, бірақ осы баптың 4-тармағының ережелеріне залалын тигізбей, егер: а) Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерді бірінші аталған Мемлекеттің Үкіметі немесе оның жергілікті өкімет органы яки осы Үкіметтің немесе жергілікті өкімет органының кез-келген жұмыс не құрылымдық бөлімшесі төлесе, немесе б) басқа Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметі немесе оның жергілікті өкімет органы яки осы Үкіметтің немесе жергілікті өкімет органының кез- келген жұмыс не құрылымдық бөлімшесі олардың алушысы және нақты иесі болса, олар бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылады".
2-бап
Конвенцияның 25-бабының 7-тармағынан кейін тікелей мынадай жаңа тармақтар қосылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|