|
|
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Координатор» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 291 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Координатор» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды; 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |