|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 556 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген бағанда: «Қызылорда» деген жолдағы «2078» деген сандар «2084» деген сандармен ауыстырылсын; «ЖИЫНЫ» деген жолдағы «47486» деген сандар «47492» деген сандармен ауыстырылсын; «Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)» деген бағанда: «Қызылорда» деген жолдағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын; «ЖИЫНЫ» деген жолдағы «68» деген сандар «69» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Қызылорда облысының әкімі: 1) әкім аппаратының құрылымында штат саны 5 бірліктен тұратын Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ететін бөлім құруды ұсынсын; өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |