Ақтау қаласында атом электр станциясын салу жөнінде ұсыныстар әзірлеу
үшін жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 100-ө өкімі
Ақтау қаласында атом электр станциясын салу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай курамда жұмыс тобы құрылсын:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші |
Ақшолақов Болат Оралұлы | Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, жетекшінің орынбасары |
Рясков Евгений Яковлевич | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары, хатшы |
Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы | Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қоргау вице-министрі |
Бортник Михаил Михайлович | Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
Бертісбаев Несіпкұл Бертісбайұлы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Электр энергетикасы мен көмір өнеркәсібі дамыту департаментінің директоры |
Қасымова Индира Базарқанқызы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі үкіметтік қарыздарды тарту департаменті директорының орынбасары |
Тәкелеков Кәрім Кәрімқұлұлы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің басқарма бастығы |
Назарбекова Алтын Қалыбекқызы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және әдіснама департаментінің бөлім бастығы |
Әмірханов Жомарт Амангелдіұлы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің бас сарапшысы |
Яшин Сергей Алексеевич | «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша) |
Пустобаев Сергей Николаевич | «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары (келісім бойынша) |
Андропенков Сергей Анатольевич | «Атом станциялары» Қазақстан-Ресей компаниясы» акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша) |
Акопьянц Георгий Саркисович | «Энергия» отын-энергетикалық жүйелердің қазақстандық ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойьшша) |
2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Ақтау қаласында салынатын атом электр станциясының құрылысы жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Примьер-Министр | К. Мәсімов |