Алматы қаласында азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148-11 Заңына сәйкес, Елбасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Жолдауда айтылған қағидасын жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Аудан әкімдері және Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті 2008 жылдың 15 наурызынан бастап 18 мамыры аралығына дейін апта сайын ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мен тағам өнеркәсібі кәсіпорындарын тарта отырып азық-түлік жәрмеңкесін өткізуді қамтамасыз етсін. 2. Азық-түлік жәрмеңкесін орналастыру және өнім түрлерінің кестесін бекітсін. (1,2,3 қосымшасы). 3. Ауыл шаруашылық бөлімі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында азық-түлік жәрмеңкесіне ауыл-шаруашылық өнімдерін жеткізу мәселелерімен қолға алсын. 4. «Алматықалабезенедіру» АҚ (келісім бойынша) азық-түлік жәрмеңкесі туралы ақпараты бар сауда шатырлары мен қалқандарды (банерлерді) орнатуды және безендіруді қамтамасыз етсін. 5. Алматы қаласы ішкі істер департаменті (келісім бойынша) сауда шатырларын күзетуді және азық-түлік жәрмеңкесі өтетін орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін. 6. Алматы қаласы жол полициясы басқармасы (келісім бойынша) жәрмеңке өтетін орындарға бағыт алған жүк көліктерін ілестіруді және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. 7. Жұршылықпен байланыс басқармасы азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жариялау жөніндегі медиа-жоспарды әзірлесін және бекітсін. 8. «Алматы паркингі» КМК жәрмеңкені өткізу орындарында автокөлік құралдарын қою орындарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. 9. АШМ аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті жеткізілетін өнімдерге мұқият ветеринарлық - эпидемиологиялык бақылауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|