|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министріне ресми іс-шараларға қатысу үшін ақпарат
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министріне ресми іс-шараларға қатысу үшін ақпарат (материалдар) дайындау ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2008 жылғы 18 наурыздағы № 161 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министріне ресми іс-шараларға қатысу үшін ақпарат (материалдар) дайындау ережесі
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі-Министрлік) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ресми іс-шараларға қатысуы үшін (Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстары және/немесе кеңестері, конференциялар, дөңгелек үстелдер, Ведомствоаралық комиссиялар, жұмыс топтары, коллегиялар және Министр қатысуы мүмкін басқа да ресми іс-шаралар - әрі қарай - ресми іс-шаралар) ақпараттарды (материалдарды) дайындау тәртібін регламенттейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 1300 қаулысымен бекітілген Үкімет регламентіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ресми іс-шараларға қатысуы үшін ұсынылатын ақпаратты (материалдарды) уақытында қамтамасыз ету, дайындаудың деңгейі мен сапасын арттыру, талдау осы ереженің мақсаты болып табылады. 3. Осы ереже міндетті сипатта болады және Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелері мен оның лауазымды тұлғалары пайдалануы үшін жасалды. 4. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: Министрліктің құрылымдық бөлімшелері - комиттеттер, департаменттер, дербес басқармалар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|