Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18-бабына сәйкес, «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының 2008 жылға жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын арттыруға құқығы бар мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 4С-5-8 шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары О.В.Наймушинға жүктелсін. 3. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан кейін пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды. 4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
2008 жылғы 21 наурыздағы № а-2/95 қаулысына қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|