«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. 2. Орталық заң шығару, атқарушы, сот органдарының, ұлттық компаниялар мен өзге де республикалық ұйымдардың қызметінде жасалған, жеткізгіштердің барлық түрлеріндегі құжаттарды толықтыру, сақтау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету, Мемлекеттік органдардың электронды мұрағаттар жүйесін (МО ЭМЖ) пайдалану мекеме қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мекеменің жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мұрағат ісі саласындағы ұйымдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-2-жолмен толықтырылсын: «14-2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» ММ»; 2) «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген 7-бөлімде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі»;
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Спорт істері комитеті» деген кіші бөлім алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 14-бөліммен толықтырылсын: «14. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Спорт комитетi
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|