|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында (бұдан әрі - Жоспар): «Ағымдағы жағдайды талдау. Мақсат және міндеттер» деген 1-бөлімде: он үшінші абзацтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру»; «Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде: 2-тармақтың атауындағы «Ірі перспективалық инвестициялық жобаларды және» деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Қазына» ОДҚ» АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі - АӨК) кредит беру үшін орналастырылатын қаражатты мақсатты пайдалану шарттарында депозиттерді ЕДБ-да орналастыратын болады. Екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер ЕДБ қаражатын орналастырған сәттен бастап 14 айға дейінгі мерзімде орналастырылатын болады. Осы бағдарлама бойынша мынадай: кең және жан-жақты таратылған филиалдық желілері; АӨК субъектілеріне кредит беру саласында жұмыс тәжірибесі бар; қаражатты іске асыру және орналастыру үшін жеткілікті персоналы болатын; қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның пруденциалдық нормативтерін, Қазақстандық қор биржасының талаптарын сақтайтын; қаржылық жағдайы тұрақты банктермен жұмыс жүргізіледі. ЕДБ арасында қаражатты орналастыру көлемі АӨК-нің басым субъектілері бойынша ашық кредиттік желілерінің болуына және әрбір банкке арналған лимитке байланысты әрбір банк үшін жеке айқындалатын болады. Агент-банктер осы бағдарламаны іске асыру барысы туралы ай сайын «Қазына» ОДҚ» АҚ-ға есеп береді. Қарыз алушы үшін түпкі ставка жылына 16%-дан аспауға тиіс. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін бөлінетін қаражатты нысаналы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қазына» ОДҚ» АҚ мен ЕДБ арасында тиісті шарттар жасалатын болады. Осы операциялар барысында ЕДБ-ға түсетін қаражат АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылуы тиіс, бұл ретте ақ қант, өсімдік майы, жеміс-көкөніс және жеміс өнімдерін, ет, сүт өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға басымдылық берілетін болады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ЕДБ-мен, салалық одақтармен, қауымдастықтармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, қаржыландыру үшін ұсынылатын АӨК субъектілерінің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады. Тұтастай алғанда осы міндеттерді орындау елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге, ішкі қажеттіліктегі импорт үлесін азайтуға және азық-түлік нарығын импорттық экспансия тәуелділігінен арылтуға мүмкіндік береді.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоспарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында: 2-бөлімнің тақырыбындағы «ірі перспективалық инвестициялық жобаларды және» деген сөздер алынып тасталсын; реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1-бөліммен толықтырылсын: «
»; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоспарды іске асыру жөніндегі ұсынылатын іс-шаралар жоспарында: мынадай мазмұндағы 1-1-бөліммен толықтырылсын: «
»; Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |