«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережелер мен Дәрігерлік куәландыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 24 желтоқсандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 19-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережелер мен Дәрігерлік куәландыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 24 желтоқсандағы № 470 бұйрығына (№ 716 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 99 (№ 2727 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 237 (№ 4240 болып тіркелген, 2006 жылғы 21 маусымда № 112 (1092) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар) мынадай өзгерістер енгізілсін: мәтіні мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ережені және Бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дәрігерлік куәландыру ережесін бекіту туралы»; 1, 2-тармақтарда мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ереже (№ 1 қосымша) бекітілсін. 2. Бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дәрігерлік куәландыру ережесі (№ 2 қосымша) бекітілсін.»; көрсетілген бұйрыққа № 1 қосымшаның мәтіні мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ереже»; көрсетілген бұйрыққа № 2 қосымшада: мәтіні мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|