Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Судың
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы (бұдан әрі - Корея) арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, 2008 жылғы 13 - 15 мамыр кезеңінде Астана, Алматы қалаларында Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Судың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2008 жылғы 13 - 15 мамыр кезеңінде Астана, Алматы қалаларында Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Судың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша): қосымшаға сәйкес «1+1+10» форматы бойынша Кореяның ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын; 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Кореяның ресми делегациясы мүшелерінің Астана, Алматы қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын орындарында қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|