Литва Республикасының Премьер-Министрі Г.Киркиластың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, 2008 жылғы 13 - 14 мамыр кезеңінде Литва Республикасының Премьер-Министрі Гедиминас Киркиластың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша): қосымшаға сәйкес «1+1+10» форматы бойынша Литва Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын; 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Литва Республикасы ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарында қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Литва Республикасының Премьер-Министрі Г.Киркиластың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|