|
Инвестициялық конкурстарға ұсынылған жер телімдердің тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1140 «Жер телімдердің жалдау қүқығын немесе жер телімді сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы» қаулысына, Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 2/209 «Алматы қаласының өкілетті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін (жер пайдалану қүқығын) алу (сатып алу) жөніндегі өзара бірлесіп, іс-әрекет жасау жөніндегі шаралары туралы» қаулысына сәйкес, Алматы қаласының өкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Құрылыс жүргізу үшін инвестициялық конкурстарға ұсынылған жер телімдердің тізбесін анықтасын: жер телімдерді алумен (сатып алумен) көп қабатты автопаркингтер 1 қосымшаға сәйкес; аялдама кешендері және көп қабатты жер асты автопаркингтер 2 қосымшаға сәйкес. 2. Осы қаулының 1 тармағында көрсетілген инвестициялық конкурстарға қойылған жер телімдерінің тізбесі Алматы қаласы мәслихатына бекіту үшін енгізілсін. 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін. 4. Осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді
2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 5/835 қаулысына 1 қосымша
Алумен (сатып алумен) көп қабатты автопаркингтер құрылысы үшін жер телімдердін тізбесі
Алмалы ауданы
1. Байзақов/Гоголь көшелері, 92/201 аумағы - 0,6566 га.
Медеу ауданы
2. Барибаев көшесінің батысы, Қазыбек би көшесінің оңтүстігі аумағы - 0,4265 га.
2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 5/835 қаулысына Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|