Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Осы редакция 2008 жылғы 28 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау жөніндегі өтініш мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс: 1) сақтандыру шартының түрі Заңның 4 тармағының 10 бабына сәйкес; 2) өтініш иесі туралы мәліметтер: фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, тұрғылықты орны, туған жылы жүргізушінің куәлігінің сериясы, нөмірі, берілген күні, жүргізу өтілі; атауы, тұрғылықты орны (заңды тұлға үшін); телефон нөмірі; салық төлеушінің тіркеу нөмірі; экономика секторының коды; резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес); 3) автомобиль көлігі туралы мәліметтер (кешенді шартты жасағанда әрбір көліктік құрал туралы мәліметтер көрсетіледі); тіркеу орны; көліктік құралды тіркеу куәлігінің нөмірі және беру күні (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) немесе көліктік құралдың тіркелуін растайтын өзге құжат (Қазақстан Республикасының резиденттер емес үшін); көліктік құралдың пайдалану мақсаты; километраж (өтініш жасалған күнгі одометр көрсетуі); көлік құралының типі Заңмен сәйкес; маркасы; моделі; шыққан жылы; двигатель көлемі; двигатель қуаты; рульмен басқарудың орналасуы; двигатель нөмірі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|