|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Регламенті бекітілсін. 2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ме вежомстволарының басшылары осы Регламент талаптарының практикалық жұмыста қатаң орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алқасы туралы Ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 26 желтоқсандағы № 289-ө бұйрығының; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Регламентін бекіту туралы» 2003 жылғы 27 маусымдағы№ 140-ө бұйрығының; «Шығыс іс-қағаздарын ресімдеу тәртібін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 желтоқсандағы № 181-ө бұйрығының; «Бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы» 2007 жылғы 20 наурыздағы № 71-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы Т. Қ. Дүйсеноваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|