Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 19 Қаулысымен күші жойылды
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 527 қаулысына 1 қосымша
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт Шығыс Қазақстан облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою тәртібін айқындайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабы 2) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесінің 3-тармағының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекенжайы бойынша «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсетеді. Қызмет көрсету туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz веб-сайтында орналастырылады. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) тарату үшін мәлімделген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы анықтама беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Шығыс Қазақстан облысының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға (филиалдарға немесе өкілдіктерге) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулер мерзімдері: 1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы анықтама тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде беріледі; 2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 30 минут; 3) анықтаманы алу кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 30 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|