Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 19 Қаулысымен күші жойылды
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 527 қаулысына 3 қосымша
«Жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге
1. Осы стандарт жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге келісім-шарттарды тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 42, 44-баптарының, «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 306- кабинет мекенжайы бойынша «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсетеді. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияны жүргізуге келісім-шартты мемлекеттік тіркеу сертификатын беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулер мерзімдері: 1) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияны жүргізуге келісім-шартты мемлекеттік тіркеу сертификаты жер қойнауын пайдаланушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде беріледі; 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 20 минут; 3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 20 минут. 8. Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады. 9. Мемлекеттік қызмет стандарты Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 мекенжайы бойынша Департамент стендінде, сондай-ақ www.akimvko.gov.kz сайтында орналастырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|