Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 501 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 742 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101 және 102-жолдармен толықтырылсын:
«93 | Көші-қон үдерістерін реттеу жөніндегі халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу | Халықаралық шарттардың жобалары | ЕХҚМ | 2008-2009 жылдар |
94 | «Қазақстан Республикасындағы алдын ала тергеу органдары және тергеушілер мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Заң жобасы | ІІМ | 2008 жылғы 3-тоқсан |
95 | «Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық іс жүргізу кодексіне айқын қылмыстар туралы іс жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Заң жобасы | ІІМ | 2008 жылғы 3-тоқсан |
96 | «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Заң жобасы | ІІМ | 2008 жылғы 4-тоқсан |
97 | Процессинг орталықтарымен жол қозғалысы ережелері бұзушылықтарын бейнеқадағалау және тіркеу жүйелерін енгізу | Инвестициялық жоба | ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2009-2010 жылдар |
98 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Заң жобасы | ӘдМ | 2008 жылғы қараша |
99 | Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында тергеу әрекеттеріне және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын шектейтін жедел-іздестіру іс-шараларына (тінту, мүлікке, почтателеграфтық хат-хабарларына тыйым салу т.б.) санкция беруді судьялардың құзыретіне беру жолымен сот бақылауын кеңейту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | ЖС (келісім бойынша) | 2009 жылғы 4-тоқсан |
100 | Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы жетілдіру, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» (жаңа редакция) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобаларын әзірлеу | Нормативтік құқықтық актілердің жобалары | СӘК (келісім бойынша) | 2008жылғы 3-тоқсан |
101 | Сайлау процесін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру, бұқаралық ақпарат құралдарының кандидаттардың және саяси партиялардың сайлау науқандарын тең негізде объективті жариялау үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан ұдайы Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Заң жобасы | ӘдМ, ОСК (келісім бойынша), МАМ | 2008жылғы 4-тоқсан |
102 | Қолданыстағы заңнаманы жүйелендіру, оны ескірген және қайталанатын нормалардан босату, қоғамдық қатынастардың кейбір салаларындағы кемшіліктерді құқықтық реттеудегі толықтыру, тұтастай алғанда тікелей қолданылатын нормаларды енгізу және заңнамалық актілер деңгейінде қоғамдық қатынастарды мұқият регламенттеу арқылы заңдардағы және заңға тәуелді норма шығарудағы сілтеме ережелерін барынша азайту, норма шығару қызметін ғылыми пысықтау жөніндегі шараларды күшейту | Үкіметке ақпарат | Мүдделі мемлекеттік органдар | ұдайы |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |