|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 ақпандағы №187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 ақпандағы №187 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесінде: 3-тармақтағы «2008 жылға» деген сөздер «, 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша 2008 жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтың 1)тармақшасындағы «14,5 (он төрт бүтін оннан бес)» деген сөздер «16» (он алты)» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге 1-қосымшадағы «кіші бағдарламасын» деген сөздер «кіші бағдарламасын, 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасын» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге 5-қосымшадағы «ашылған банктің» деген сөздер «, 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша ашылған банктің» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге 7-қосымшада тақырыбындағы «банк кредиті» деген сөздер «, 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша банк кредиті» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |