Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 993 қаулысымен бекітілген 6 қосымша
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 2201 Қаулысымен күші жойылды
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы - тұрғын үй көмегін тағайындау. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет төмендегілер негізінде көрсетіледі: 1) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы; 2) Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 5 сәуірдегі сессиясында № 43-6 шешімімен бекітіліп, 2007 жылдық 24 сәуірінде Орал қаласының Әділет Басқармасында тіркелген «Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен мөлшері туралы» Ережесі; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысының 4 бөлімінің 85 тармағы. 4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның атауы - Орал қалалық әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі - бөлім), мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) - Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы келісім-шарт беру. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларына көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сүттен, талон алғаннан бастап және т.с.с), электрондық сауал берген бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 20 жұмыс күні ішінде (арыз иесі № 190-нысанды тапсырған күннен); 2) қажетті құжаттарды тапсыру барысында (тіркеу, талон алу кезінде және т.с.с.) кезекте күтудің, электрондық сұрау қалыптастырудың ең ұзақ уақыты - 30 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|