|
Қалалық мәслихаттың 2006 жылдың 24 наурыздағы «Шымкент қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жасыл желектерді қорғау Қағидасы туралы» № 27/238-3с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 9/78-4с шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 24 наурыздағы № 27/238-3с «Шымкент қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жасыл желектерді қорғау Қағидасы туралы» (Шымкент қаласы әділет басқармасында № 14-1-26 10.04.2006 жылы тіркелген, «Панорама Шымкента», «Шымкент келбеті» газеттерінде 21.04.2006 жылы жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бөлім мына мазмұндағы 12-1 тармағымен толықтырылсын: «12 - 1. Сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру - кез-келген түрде орналастырылатын және таратылатын, кез-келген ақпараттардың көмегімен тұлғалардың анықталмаған ортасы үшін белгіленген және жеке немесе заңды тұлғаларға деген тауар, тауар белгісі, жұмыс, қызмет пен оларды өткізуге мүмкіндік жасауға деген қызығушылықты қолдау және қалыптастыруға бейімделген». 2) 3-бөлім мына мазмұндағы 18-1 және 28-1 тармақтарымен толықтырылсын: «18-1. Егер жолаушылар павильондарының иелері бар жағдайда, жолаушылар павильондары мен оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстары олардың иелерімен жүргізіледі. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|