Қазақстан Республикасы астанасының 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы
Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Астана қаласының 10 жылдығы құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі туралы ереже; 2) «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін. 3. «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен медаль туралы ережеге сәйкес наградталсын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Президентінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 581 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі туралы ЕРЕЖЕ
1. «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль): Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі түзген және бекіткен тізім бойынша; Қазақстан Республикасы мен оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік органдардың, өндірістік саланың қызметкерлері, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау қайраткерлері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері және шетел азаматтары Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктер, өзге де орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, қоғамдық бірлестіктер енгізген ұсыныстар бойынша наградталады. 2. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; 2) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|