|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Фармацевтикалық қызметті: дәрілік заттарды өндіруді, дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 620-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген фармацевтикалық қызметке: дәрілік заттарды өндіруге, дайындауға, көтерме және бөлшек саудада сатуға қойылатын біліктілік талаптарында: 5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацындағы «белгіленген тәртіппен берілген» деген сөздердің алдынан «мемлекеттік тіркеу кезінде сараптама жүргізуге арналған дәрілік заттарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |