|
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің 2008 жылғы 3 маусымдағы жедел ақпараты
2008 жылғы мамырда 842 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары зерттелді, оның ішінде 106 - кен өндіру өнеркәсібі (сұралғандардың жалпы санының 12%-ы), 569 (68%) - өңдеу өнеркәсібі және 167 (20%) - электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу кәсіпорындары. 2008 жылғы мамырда сұралған кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа азайып, (+8)% (маусымдық факторы есебімен) құрады. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа азайды, ал электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу кәсіпорындарында ол 1 пайыздық тармаққа өсіп, тиісінше (+15)% және (-17%) құрады. Зерттелген кен өндіру кәсіпорындарында кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы сәуірмен салыстырғанда өзгермей, (+13)% құрады. Басшылар көпшілігінің бағалауы бойынша жақын арадағы 2-3 айда (2008ж. мамыр - шілде) зерттелген өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің біршама жоғарылауы күтілуде. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы мамырмен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа өсіп, (+12)% құрайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|