|
Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Ұлыбритания және
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ұлттық аудит офисі, Халықаралық жоғары қаржы бақылау органдары ұйымының (ИНТОСАИ) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өзара сыйластық, сенім, тең құқықтық және өзара ынтымақтастық қағидаттарын негізге ала отырып, мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыруға өзара ынта білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар өздерінің құзыреттеріне сәйкес мынадай негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады: а) мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырудың әдіснамасы мен тәртібі саласында тәжірибе алмасу; б) кадрларды кәсіби оқыту және олардың біліктілігін арттыру саласында өзара іс-қимыл жасау; в) бірлескен зерттеулер, семинарлар, конференциялар және жұмыс бабындағы кездесулер ұйымдастыру және өткізу; г) мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру мәселелеріне жататын ұлттық заңнама актілерімен, кәсіби ақпаратпен және әдістемелермен алмасу. Тараптар өзара қызығушылық танытатын басқа бағыттар бойынша өз құзыреттері шегінде ынтымақтастықты дамытады.
Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің шеңберінде ақпарат пен материалдар алмасу кезінде халықаралық ақпарат алмасуға қатысуды, мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғауды реттейтін өз мемлекетінің ұлттық заңнамасын басшылыққа алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|