Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 553 қаулысымен мақұлданған
жоба
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы» Келісім (2008 жыл 9 маусым)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - «Тараптар» деп аталатын), екі мемлекеттің достық қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылысын назарға ала отырып және Тараптар мемлекеттерінің дипломатиялық және қызметтік паспорттары бар азаматтарының өзара сапарларына жәрдемдесуге тілек білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Әрбір Тарап мемлекетінің азаматтары, жарамды дипломатиялық немесе қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, болу немесе транзитпен өту үшін визалық талаптардан отыз (30) күннен аспайтын кезеңге босатылады.
2-бап
Әрбір Тарап мемлекетінің азаматтары, екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің немесе халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын жарамды дипломатиялық немесе қызметтік паспорттардың иелері, сондай-ақ дипломатиялық немесе қызметтік паспорттары бар олардың отбасы мүшелері және олармен бірге тұратындар екінші Тарап мемлекетінің аумағына өздеріне тағайындалған кезеңде визасыз келуге, болуға және кетуге құқылы.
3-бап
Осы Келісім бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы қолданыстағы заңнамасын сақтау міндеттерін қозғамайды.
4-бап
1. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің аумағында болуы қолайсыз деп танылған екінші Тарап мемлекеті азаматының келуінен бас тарту не болу мерзімін қысқарту құқығын сақтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|