Павлодар облысы Павлодар қаласы Мойылды ауылдық әкімінің 2008.17.09. № 10 шешімімен күші жойылды
Мойылды ауылы әкімінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 5 шешімімен бекітілген 3 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Осы стандарт жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін белгілейді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 110 бабы, 1-тармағы, 2-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Заңының 12 бабы, Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы Ережесін бекіту туралы, патронат және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған тіркеуді ұйымдастыру қағидасы туралы» № 1346 қаулысы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті Мойылды ауылы, Центральная көшесі, 5 мекенжайында орналасқан «Мойылды ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты) көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - анықтама беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы). 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұраныс берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 30 күнге дейін; 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электрондық сұранысты қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 25 минутқа дейін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|